ХАТУ-да «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында маңызды іс-шара өтті
14.04.2026


Іс-шараны «Бизнес, медиа және басқару» факультеті ұйымдастырды. Кездесу аясында Бостандық ауданынан келген прокуратура өкілі студенттерге арнайы дәріс оқыды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Университет аумағында қатаң тыйым салынған заттар мен әрекеттер туралы толық ақпарат берілді. Атап айтқанда, темекі өнімдері мен электронды темекілер, есірткі және психоактивті заттар, сондай-ақ суық қару (пышақтар, кесіп-тесетін заттар), атыс қаруы және өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін өзге де заттарды алып жүруге, сақтауға және пайдалануға жол берілмейтіні түсіндірілді.

Сонымен қатар студенттерге аталған заттарды алып жүру, сақтау немесе пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталған. Саналы ұрпақ – қауіпсіз қоғам кепілі!

DSC03570.JPG

DSC03595.JPG

DSC03586.JPG

5400049681502507898.jpg

Версия сайта для слабовидящих