IITU-да студенттер қатарына қабылдау рәсімі!
14.11.2025


«Бақшасарай» салтанат сарайында күздің көптен күткен шараларының бірі – «Студенттер қатарына қабылдау» («Welcome to IITU») атты салтанатты іс-шара өтті. Мыңнан астам бірінші курс студенттері, оқытушылар және университет қонақтары бұл ауқымды мерекенің қатысушылары болды.

Іс-шараны Dream Lights тобының әсерлі өнер көрсетулері ашты. Студенттерге құттықтау сөзін университеттің Басқарма Төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы жолдап, алғашқы кәсіби қадам жасағандары үшін құттықтап, табысты оқу мен университет өміріне белсенді қатысуды тіледі.


Студенттік ұйымдар мен клубтардың парадынан кейін IITU шығармашылық ұжымдары – «Shadows» би тобы мен «Auen» вокалдық-аспаптық ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар DJ Darkhan мен арнайы шақырылған хедлайнерлер Bayansulu және Delacure мерекелік кештің атмосферасын ерекше энергия және драйвпен толықтырды. Көрермендер вокалдық, би және аспаптық нөмірлерді тамашалап, студент Бәғжан Оразбектің орындауындағы IITU-дың жаңа рэп-трек премьерасын тыңдады.

Іс-шара барлық қатысушыларға жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер қалдырып, мерекелік фотосессиямен аяқталды.


Адаптивная фотокарусель
Версия сайта для слабовидящих