GARDÉNIA-мен гидрологиялық оқытудағы француз тәжірибесі!
11.11.2024

5-8 қараша аралығы IITU-да Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі мен Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған «Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару саласындағы құзыреттілікті дамыту және француз тәжірибесін насихаттау» жобасы аясында «GARDÉNIA бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, жаһандық гидрологиялық модельдеу» тақырыбындағы мамандандырылған семинар өтті.


Семинарды бастап, негізгі баяндамашылар – француздық су геологы Люк Арно мен Францияның Қазақстандағы бас консулы Фабрис Невёге IITU-дің жаһандық серіктестік және қосымша білім беру жөніндегі проректор Евгения Александровна Дайнеко жылы лебіздерін білдірді.


Оқыту барысында Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші мамандары жауын-шашыннан бастап жер асты суларының деңгейіне дейінгі жаһандық гидрологиялық модельдеудің негізгі аспектілерін зерттеп, «жауын-шашын – өзен ағыны – жер асты суларының деңгейі» балансын қолданды.


Бұл семинар Орталық Азия үшін аса өзекті су ресурстары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және білім алмасуда маңызды қадам болды

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих