ХАТУ-да халықаралық ынтымақтастық кеңеюде: Жасанды интеллект және академиялық ұтқырлық бағытындағы жаңа қадамдар
05.06.2026

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде серіктестік байланыстарды нығайту және білім беру бағдарламаларын жаһандық деңгейге шығару мақсатында 2 маусым күні маңызды кездесу өтті. ХАТУ өкілдері 2018 жылы негізі қаланған танымал Tongmyong University делегациясымен ресми келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру мен озық технологияларды ұштастыратын бірнеше стратегиялық бағытты талқылады:

  • Академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламалары: Студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасуды жандандыру, сондай-ақ «3+1» форматындағы қос дипломды бағдарламаларды іске қосу мүмкіндіктері қарастырылды. Бұл бағдарлама ХАТУ студенттеріне білімнің жаңа көжіжиектерін ашуға жол сілтейді.
  • Жасанды интеллект (AI) саласындағы серіктестік: Қазіргі таңдағы ең сұранысқа ие бағыттардың бірі — AI саласында бірлескен жобаларды дамыту мәселесі сөз болды. Оның ішінде нейрожелілер негізінде жұмыс істейтін инновациялық қосымшаларды қолдану мен енгізудің келешегі талқыланды.
  • Шетелдік мамандарды тарту: Университеттің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Қытайдан жетекші шетелдік профессорларды оқу процесіне және зерттеу жұмыстарына тарту мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.

Бұл кездесу ХАТУ-дың халықаралық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып, студенттерге жасанды интеллект пен заманауи IT-технологиялар саласында озық білім алуға жаңа мүмкіндіктер туғызатын нәтижелі серіктестіктің бастамасы болмақ.

DSC03159.jpg

DSC03168.jpg

DSC03208.jpg

DSC03243.jpg

Версия сайта для слабовидящих