2024 жылғы 11 желтоқсанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Executive MBA HR General бағдарламасының түлектеріне арналған диплом тапсыру рәсімі өтті.
Executive MBA HR General – Қазақстандағы адами ресурстарды басқару саласындағы көшбасшыларды даярлауға бағытталған алғашқы бағдарлама. Ол қатысушыларға заманауи HR-тәжірибелерді, стратегиялық жоспарлауды және команда басқару әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама жаһандық стандарттарға сай білім мен практикалық тәжірибені үйлестіре отырып, HR мамандарының кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Рәсімге түлектер, оқытушылар құрамы және университеттің басшылығы қатысты. Бұл оқиға аталған бағдарламаның Қазақстандағы HR саласын дамытудағы маңызды рөлін көрсетті.
ХАТУ Executive MBA бағдарламасының түлектерін шын жүректен құттықтайды және олардың болашақтағы кәсіби жетістіктеріне сенім білдіреді!