Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің өкілдері — Гүлнар Закирова,
Талғат Нұрлыбаев және Дамелия Максутова Erasmus+
“Development of Innovative Graduate Educational Program in Cyber Security for Digital Labor Market of Central Asia”
жобасының воркшопына қатысты.
Екі күндік кездесу барысында қатысушылар іс-қимыл жоспарын әзірлеп, негізгі
міндеттерді айқындап, жобаны жүзеге асыруға кірісті.
Профессор Гүлнар Закирова МУИТ қызметін және Erasmus жобаларындағы нәтижелерді
халықаралық аудиторияға таныстырды.
Профессор Талғат Нұрлыбаев киберқауіпсіздік бойынша инновациялық магистратура
бағдарламасының жоспарын ұсынды.
Еуропа және Орталық Азия университеттерінің өкілдері бірлескен жұмыстың келешегін
талқылады.



