РОӘК ОӘБ семинары: ЖИ пайдаланудың жаңа перспективалары
02.10.2024

30 қыркүйек күні Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті РОӘК оқыту әдістемелік бірлестігінің АКТ және АҚ бағыттары бойынша «Жасанды интеллект: тиімді қолдану кезеңі» тақырыбында семинар-отырыс өткізді.


Іс-шара қатысушылары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұжымы, Басқарма төрағасы – Ректор Б.С.Каримованың бастамасымен, Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен серіктестігі бойынша ашылған жаңа ЖИ институтының жетістіктерімен танысты.


IITU Басқарма төрағасы – Ректор Исахов А.А. өз сөзінде Білім және ғылым министрлігі әзірлеген жоғары оқу орындарында жасанды интеллект қолдану бойынша ведомствоаралық стандарттың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ҚР жоғары оқу орындары жасанды интеллект технологияларын білім беру және ғылыми қызметке белсенді енгізіп жатқанын, оның нәтижесінде оң өзгерістер байқалғанын айтты.


ҚР ҒЖБМ және одан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Сағыдуллақызы Джарасова өз сөзінде инженерлік саланы дамытудың стратегиялық басым бағыттарын айқындап, қатысушыларға ЖОО және одан кейінгі білім беруде жасанды интеллект технологияларын енгізу жол картасын іске асыру міндеттеді.


Мәжілісте сондай-ақ университеттер мен технологиялық компаниялардың өкілдері қатысып сөз сөйледі: Кулмурзаев Н.С. (Қорқыт ата атындағы ҚУ),Лин Тинюй (Huawei), Четтыкбаев Р.К.( Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ), Казбекова Ж.Б.(IITU), Конурова Ж.Т. (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ), Кызылбаев Н.К. (Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ) , Герцен Е.А.(АҚ «Отбасы банк»), Мустафина А.К. (IITU).


Семинар барысында ЖИ технологияларын өмірдің түрлі салаларына енгізу және технологиялық компаниялардың жасанды интеллект саласындағы шешімдері белсенді талқыланды. Іс-шараның ерекшелігі оның практикалық бағытталғандығында болды. Отырысқа қатысушылар генеративті жасанды интеллектпен жұмыс істеуге көңіл бөліп, тиімді сұраныстар жасау және жүйеден алынған деректерді тексеру дағдыларын дамытты. Әсіресе, жасанды интеллект көмегімен білім беру бағдарламаларын талдауға ерекше көңіл бөлінді.

photo1 photo2 photo3
photo1 photo2 photo3
Версия сайта для слабовидящих