Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде республикалық «Таза Қазақстан» акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бастамасы аясында ауқымды «Eco Day» өтті.
Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері белсене қатысты. Олар оқу корпустарының аумағын тазалап, жасыл аймақтарды күтіп-баптап, арықтарды ретке келтіріп, университет маңындағы қоқысты жинады.
IITU-да мұндай экологиялық шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді: университет қоршаған ортаға ұқыпты қарауға арналған дәрістер мен кездесулер де ұйымдастырады.