ХАТУ әскери кафедрасы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 37 жылдығына арналған «Ерлік күнін» өткізді.
Іс-шараға құрметті қонақтар – отставкадағы полковник Ермекбаев Бердәлі Модәліұлы мен отставкадағы полковник Кириенко Геннадий Владимировичтің қатысуы ерекше маңыз берді.
Көз көрген куәгерлер мен Ауған соғысы қатысушыларының әңгімелері атаулы күннің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Әскери кафедра тыңдаушылары мен офицерлері алдында сөйлеген сөзінде ардагер Геннадий Владимирович Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасына кіргізілу себептері мен әскери операцияларға жеке қатысуы туралы айтып берді.
«Ауғанстан – бұл әскери борышын абыроймен атқарғандарға деген құрмет пен қайғыға толы тарихымыздың бір бөлігі. Ондаған жылдар өтсе де, бұл күн жауынгерлер мен офицерлердің ерлігі мен қаһармандығының символы ретінде біздің жадымызда мәңгі қалады», - деп атап өтті отставкадағы полковник.
Қатысушылар интернационалдық борышын өтеу жолында жанын қиған жауынгер-интернационалистерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кездесу барысында шақырылған қонақтар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, оларды Отансүйгіш болуға және әскери ғылымды белсенді меңгеруге шақырды, сондай-ақ қарулас жолдастарының майдандағы ерліктері туралы естеліктерімен бөлісті. Іс-шара соңында Бердәлі Модәліұлы Отан қорғаушы жас буынға қазақ тілінде батасын берді.
