2024 жылдың 24 желтоқсанында ХАТУ-де «2024 жылдың 24 желтоқсанында ХАТУ-де «Ұлттың мәдени коды кемелдік үлгілері арқылы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бағдарлама аясында PhD докторы, Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының ассистент- профессоры Анар Сәдуақасқызы Танабаеваның «Ортағасырлық ислам мәдениетіндегі «кемел адам» үлгісі» тақырыбында жақында жарық көрген монографиясың презентациясы ұсынылды.
Дөңгелек үстелде сөз алған қонақтар Имаханбет Райхан Сахыбекқызы – Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, Самал Сағнайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушысы, Әбдіқайымова Назкен Тілеубекқызы – ХАТУ Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Сарсенбаева Жанна Амангелдіқызы – ХАТУ кітапхана меңгерушісі дөңгелек устел тақырыбында өз ойларымен бөлісті. Сонымен қоса, қазіргі кезеңде жастарды тәрбиелеуде кемелдік үлгілерін білудің маңыздылығы мен өзектілігін атап көрсетті.
Баяндамашылар сөзінен кейін IT1-2304 тобының 2 курс студенттері Сарсенова Гүлжайна, Саипов Саидбек, Ерланұлы Айбар, Үрнеш Амина әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Ясауи шығармалары бойынша «кемел тұлға» тұжырымдамасы бойынша баяндама жасады. Дөңгелек үстел соңы пікірталас пен концерттік бағдарламаға ұласты.