EBSCO компаниясы сізді вебинарлар сериясына шақырады
10.04.2026

EBSCO компаниясы сіздерді 2026 жылдың сәуір айында өтетін вебинарлар топтамасына шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өтеді. Әрқайсысының ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды. Өзіңізді қызықтырған вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз:


20 сәуір 12:00 – Ұйымыңыздың ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметінде EBSCOhost платформасындағы электрондық журналдардың толық мәтінді топтамаларына қол жеткізу және оларды пайдалану

21 сәуір 12:00 – Ұйымыңызда электрондық ресурстарды қалай ілгерілетуге болады (тек кітапханашыларға арналған)

21 сәуір 15:00 – Ұйымыңыздың ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметінде EBSCOhost платформасындағы электрондық журналдардың толық мәтінді топтамаларына қол жеткізу және оларды пайдалану (20 сәуірдегі вебинардың қайталануы)

ЖАҢА!!! 22 сәуір 15:00 – Жасанды интеллект көмегімен іздеуді қалай жақсартуға болады. Ғылыми жұмыстарды жазу кезінде пайдалы EBSCOhost® құралдары

23 сәуір 12:00 – EBSCO Connect – EBSCO электрондық ресурстарын көрінетін және қолжетімді ететін құралдар алаңы (тек кітапханашыларға арналған)

23 сәуір 15:00 – Әлемге әйгілі баспалардың электрондық кітаптарына кез келген уақытта және кез келген жерде қол жеткізу!

24 сәуір 12:00 – Цифрлық дәуірдегі кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігі

ЖАҢА!!! 24 сәуір 15:00 – Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс

27 сәуір 15:00 – Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар топтамалары – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және тәжірибеші дәрігерлерге көмек

28 сәуір 12:00 – EBSCO Experience Manager және EBSCOadmin – EBSCO ресурстарын басқару платформаларына шолу (электрондық ресурстармен жұмыс істеуге жауапты кітапханашылар үшін)

29 сәуір 12:00 – ECM (EBSCOhost Collection Manager) платформасы – EBSCO электрондық кітаптар каталогы. Кітаптар топтамасын сатып алу және басқару (тек кітапханашылар үшін)

29 сәуір 15:00 – EBSCO Discovery Service мен Google Scholar – іздеу мүмкіндіктерін салыстыру. Ғылыми жарияланымды дайындауда EBSCO Discovery Service-ті пайдаланудың артықшылығы

30 сәуір 12:00 – Қалта кітапханасы немесе EBSCO мобильді қосымшасы туралы бірнеше сөз

30 сәуір 15:00 – Әлемдік деңгейдегі мақалаларды дайындау құралы ретіндегі EBSCO электрондық ресурстары


Вебинарға тіркелу үшін мына электрондық поштаға жазуыңызды сұраймын: atursynbayeva@iitu.edu.kz

Версия сайта для слабовидящих