SIRIUS CUP 2026 жыл сайынғы волейбол турнирі
10.02.2026

2026 жылғы 8 ақпанда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қабырғасында SIRIUS CUP 2026 жыл сайынғы волейбол турнирі өтті. Бұл жарыс дарынды студенттерді, жас мамандарды және спорт сүйер қауымды біріктірді. Аталған іс-шара кәсіби шеберлікті, командалық рухты және жаңа жетістіктерге ұмтылысты көрсетудің маңызды алаңына айналды.


Турнир жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, студенттер мен университет қонақтарының тамаша спорттық дайындығын, стратегиялық ойлау қабілетін және жеңіске деген жігерін айқын көрсетті. Ашылу салтанатында қатысушыларды цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор Дүзбаев Нұржан Төккужаұлы құттықтап, сәттілік пен жарқын әсерлер тіледі. Сонымен қатар университеттің волейбол командасының жаттықтырушысы, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Вексельман Олег Маратович спортшыларға қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралардың студенттік спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Жарысқа 16 команда қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен ұйымшылдықты, мықты командалық ойынды және жеңіске деген жігерді көрсетті.

Тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • I орын — «Спарта» командасы
  • II орын — «Retake» командасы
  • III орын — «Lobsters» командасы

Сондай-ақ жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар марапатталды:

Үздік ойыншы (ерлер): Төлепберген Асхат

Үздік ойыншы (әйелдер): Тиреуова Ақниет

Үздік доигровщик: Искаков Даниал

Үздік байланыстырушы: Есеев Бақдаулет

Үздік блоктаушы: Бафин Ерасыл

Үздік либеро: Абильмажитова Анель

SIRIUS CUP 2026 жыл сайынғы турнирі университеттің студенттік спорттың белсенді орталығы ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеп, кампус өміріндегі жарқын оқиғаға айналды. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасып, таныстық аясын кеңейтіп, алдағы дамуға мотивация алды.

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті студенттердің жан-жақты дамуына және командалық рухты нығайтуға жағдай жасай отырып, спорттық және студенттік әлеуетті дамытуға бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.

photo_5208686773679100997_y.jpg

photo_5208686773679100996_y.jpg

photo_520868677367ыв.jpg

photo_5208686773679100794_y.jpg

Версия сайта для слабовидящих