Академиялық ұтқырлық бағдарламасына (өз қаражаты есебінен) қабылдаудың жалғасуы туралы хабарландыру
20.04.2026

📢Құрметті студенттер! 2026–2027 оқу жылының күзгі семестріне өз қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға іріктеудің жалғасатыны туралы хабарлаймыз. Бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында бір семестр бойы білім алуға бірегей мүмкіндік береді.


🎓 Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • жақсы академиялық үлгерім;
  • академиялық қарыздардың болмауы;
  • ағылшын тілін білу (B2 деңгейінен төмен емес);
  • оқуға және жеке дамуға жоғары мотивация.


💰 Қаржылық шарттар: Оқу — тегін. Студенттер келесі шығындарды өздері төлейді:

  • тұру;
  • көлік шығындары;
  • визаны рәсімдеу;
  • мединалық сақтандыру.


📄 Қажетті құжаттар:

  • Ректордың атына өтініш;
  • транскрипт (ағылшын тілінде);
  • мотивациялық хат (ағылшын тілінде);
  • кафедра оқытушысынан ұсыным хат;
  • төлқұжат көшірмесі;
  • ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болса немесе кафедрадан анықтама).


🌍 Серіктес университеттер:

  • Altınbaş University (Түркия)
  • ADA University (Әзірбайжан)
  • Adam Mickiewicz University (Польша)
  • Dortmund University of Applied Sciences and Arts (Германия)
  • Hof University of Applied Sciences (Германия)
  • Haliç University (Түркия)
  • Innopolis University (Ресей)
  • INTI International University (Малайзия)
  • ITMO University (Ресей)
  • Istanbul Aydin University (Түркия)
  • Marshall University (АҚШ)
  • Poznan University of Technology (Польша)
  • Schmalkalden University (Германия)
  • Shanghai University of Engineering Science (SUES) (Қытай)
  • Universiti Putra Malaysia (Малайзия)
  • University Technology MARA (Малайзия)


📍 Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі, 801-кабинет


✨ Халықаралық тәжірибе жинап, көкжиегіңізді кеңейту және жаңа академиялық мүмкіндіктерді ашу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Версия сайта для слабовидящих