ХАТУ-да халықаралық маманмен семинар өтті
20.11.2025

2025 жылғы 18 қарашада Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде «Әлеуметтік медианың реттеуші дилеммалары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Спикері — prof. Jędrzej Skrzypczak, Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Медия жүйелері мен медиа-құқық кафедрасының профессоры (Польша).

Профессор Скшыпчак — медиа реттеу саласында Еуропаның жетекші мамандарының бірі. Оның келуі ХАТУ журналистика факультеті үшін маңызды оқиға болды. Бұл жиын № 907 лекциялық залында өтті және студенттер, оқытушылар мен медиа саласының мамандары жиналды.

Семинар барысында спикер цифрлық ортаға әсер ететін құқықтық тенденцияларды талдап, әлеуметтік медианы реттеудің қазіргі маңыздылығын түсіндірді. Талқылау барысында цифрлық платформалардың заңды жауапкершілігіне, дезинформация мен зиянды мазмұнға, пайдаланушылардың жеке деректерін қорғауға және сөз бостандығы мен реттеу теңгеріміне ерекше көңіл бөлінді.

Профессор Digital Services Act — Еуропа Одағының үлкен онлайн платформаларды реттеуге бағытталған заңнамасының негізгі баптарын түсіндірді, атап айтқанда алгоритмдердің айқындылығы мен ғылыми зерттеушілерге деректерге қолжетімділік мәселелерін қозғады.

Семинар соңында қатысушылар журналистердің жұмысына, алгор­итмдердің әсеріне, зиянды контентке және медиа тәуелсіздігіне қатысты өзекті сұрақтарын қойып, профессор еуропалық тәжірибеден нақты мысалдар келтірді. Бұл іс-шара ХАТУ студенттеріне медиақұқық саласындағы өзекті білім алып, цифрлық платформаларды реттеу бойынша халықаралық тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік берді.

5253703610103696663 (2).png

5253703610103696668 (2).png

5253703610103696670 (2).png

5253703610103696723 (2).png

5253703610103696739 (2).png

5253703610103696753 (2).png

Версия сайта для слабовидящих