IITU-да тәжірибені ұйымдастыруды ұйымдастырушылық-әдістемелік реттеу және педагогикалық қарым-қатынас мәселелері бойынша іс-шара өтті
28.05.2026

2026 жылғы 28 мамырда IITU акт залында тәжірибені ұйымдастырушылық-әдістемелік реттеуді жетілдіруге және тиімді педагогикалық тәсілдерді енгізуге бағытталған іс-шара өтті.


«Мансап» орталығының басшысы Жанұзақ Қуаныш Асқарбекұлы білім алушылардың өндірістік және диплом алды тәжірибесі бойынша есептік құжаттамасын тексеру комиссиясының жұмысын талдау нәтижелерін ұсынды. Баяндамада есептік құжаттамада анықталған кемшіліктер атап өтіліп, тәжірибеден өту базаларындағы фиктивтілік белгілері анықталды, сондай-ақ аталған олқылықтар мен бұзушылықтарды жоюдың белгіленген тәртібі түсіндірілді.


Психологиялық түсіндіру жұмыстары блогын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, Алматы қаласы Білім басқармасының Психологиялық қолдау орталығының психологы Лиясова Айгүл Амангелдіқызы «Білім алушыларға педагогикалық көзқарас» тақырыбында ашты. Ол кәсіби этика мен психологиялық қолдаудың маңыздылығына тоқталды; сарапшыға мазмұнды әрі өзекті баяндамасы үшін алғыс білдіреміз.


IITU психологы Кусаинова Банум Алмасқызы оқытушының студенттік топтардың ұйымшылдығын қалыптастырудағы рөлін ашып, конфликтілік жағдайларды шешудің практикалық алгоритмдерін ұсынды, ал екінші IITU психологы Алминова Джамила Сапарқызы емтихан сессиясы кезеңіндегі білім алушылардың стрессін төмендетуге бағытталған психологиялық күйді реттеу әдістерін көрсетті.

DSC02992 1.png

DSC02996 (1) 1.png

DSC03000 1.png

DSC03023 1.png

DSC03053 1.png

DSC03055 1.png

DSC03069 1.png

DSC03089 1.png

DSC03103 1.png

Версия сайта для слабовидящих