«All Shadows Battle IITU 2026»
16.02.2026


2026 жылдың 15 ақпанында Алматы қаласы Алмалы ауданының Комьюнити орталығында бишілер мен заманауи көше мәдениетінің жанкүйерлерін біріктірген «All Shadows Battle IITU 2026» ауқымды қалалық би іс-шарасы өтті.


Қатысушылардың жалпы саны 238 адамды құрады: оның ішінде студенттер – 125, мектеп оқушылары – 39, қалғандары – Алматы қаласының белсенді жастары. Бағдарлама аясында Hip-Hop, Popping, Waacking және All Styles бағыттары бойынша баттлдар өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, әртістік шеберлігін және жарқын даралығын көрсетті. Кештің сәнін «Shadows» және Auen командаларының өнер көрсетулері келтірді, ал финалдық баттлдар сахнада ең мықты бишілердің басын қосып, оқиғаның шарықтау шегіне айналды.


Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен финалистер:

All Styles

🏆 Жеңімпаз — Алибекова Дана Науанжановна (Алматы қ.)

🥈 Финалист — Тюлегенова Марал Сандыбаевна (Алматы қ.), «29» студиясының хореографы.

Hip-Hop

🏆 Жеңімпаз — Қалдықожа Диас Романұлы (Ақтау қ.), модель.

🥈 Финалист — Ысмағұл Айсара Тлегенқызы (Алматы қ.)

Waacking

🏆 Жеңімпаз — Арыстан Алима Ерназаровна (Алматы қ.), №5 гимназия оқушысы.

🥈 Финалист — Рассахацкая Софья Ильинична (Алматы қ.).

Popping

🏆 Жеңімпаз — Воробьёв Мирон Игоревич (Алматы қ.), Кәсіпкерлер мектебінде білім алуда.

🥈 Финалист — Үмбетжанова Алина Өтегенқызы (Алматы қ.), ҚазҰУ магистранты, «Lumina Dance Academy» би студиясы.


Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалады:

  • Төре Томирис Мэлсқызы — Skilz Dance Studio хореографы;
  • Аманғалиева Баяра Ғаниқызы — Skilz Dance Studio хореографы;
  • Төлегенова Алина Дәуренқызы — педагог, Bi Happy хореографы.

    Іс-шараның музыкалық сүйемелдеуін диджей Эрбол қамтамасыз етті.


Іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Алмалы ауданының Комьюнити орталығына, сондай-ақ демеушілік көрсеткен Samal Water компаниясына шынайы алғысымызды білдіреміз. «All Shadows Battle IITU 2026» қаланың дарынды бишілерін біріктіріп, шығармашылық, қуат пен шабыт атмосферасын құра отырып, жастар бастамасын дамыту, шығармашылық алмасу және көше би мәдениетін дәріптеу үшін маңызды алаңға айналды.

IMG_3562 (1).jpg

IMG_3559.jpg

IMG_3556.jpg

IMG_3548 (1).jpg

IMG_3539.jpg

IMG_3536 (1).jpg

IMG_3450.jpg

IMG_3457.jpg

IMG_3496.jpg

IMG_3440.jpg

Версия сайта для слабовидящих