Академиялық ұтқырлық
26.05.2026

Құрметті студенттер!

2026–2027 оқу жылының күзгі семестріне өз қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасына қабылдау жалғасып жатқанын хабарлаймыз.

Бағдарлама бір семестр бойы шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді.

Серіктес университеттер және дедлайндар:

— Xi'an Jiaotong University – 2026 жылғы 30 мамыр

— Northwestern Polytechnical University – 2026 жылғы 30 мамыр

— Altinbas University – 2026 жылғы 30 мамыр

— Schmalkalden University of Applied Sciences – 2026 жылғы 30 мамыр

— Istanbul Aydin University – 2026 жылғы 15 маусым

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— жақсы академиялық үлгерім;

— академиялық берешектердің (задолженность) болмауы;

— ағылшын тілін білу;

— оқуға және тұлғалық дамуға деген жоғары уәж (мотивация).

Қаржылық шарттары:

— Оқу — тегін.

— Тұру, көлік шығындары, виза рәсімдеу және медициналық сақтандыруды студенттер өздері төлейді.

Қажетті құжаттар:

— Ректордың атына өтініш;

— ағылшын тіліндегі транскрипт;

— ағылшын тіліндегі уәждік хат (мотивационное письмо);

— кафедра оқытушысынан ұсыныс хат;

— паспорт көшірмесі;

— ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болса) немесе кафедрадан анықтама.

Сұрақтар бойынша байланыс:

— Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 801-кабинет

Халықаралық тәжірибе жинақтау, өрісіңізді кеңейту және жаңа академиялық көкжиектерді ашу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Версия сайта для слабовидящих