АФМ өкілдерімен кездесу
24.11.2025

Жастардың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында IITU университетінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерімен студенттердің кездесуі өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, ақпараттық және қаржылық қауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталды.

Спикерлер – Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Нұрсұлтан Жексембаев пен Берік Ағлақов студенттерге заманауи қаржы алаяқтық түрлері мен «дропперлік» үшін қылмыстық жауапкершілік, жеке деректерді қорғау тетіктері және цифрлық ортадағы экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл әдістері туралы баяндады. Олар интернеттегі қолданушылар жиі жіберетін қателіктер, күдікті әрекеттерді анықтау жолдары туралы түсіндіріп, тергелген нақты істерден мысалдар келтірді.

Кездесу қатысушылары алдында Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әкежан Кеңесов сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол IT саласының болашақ мамандарын жастардың онлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру ісінде белсенді болуға шақырды.

Іс-шара мазмұнды әрі іскерлік атмосферада өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, онлайн алаяқтыққа қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Ашық диалог форматы студенттердің қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздіктің маңызын терең түсінуіне ықпал етті.

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.44.07.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.53.58.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-21 at 17.54.40.jpeg

Версия сайта для слабовидящих