IITU-да «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу өтті
26.11.2025

Бітіруші 4 курс студенттері мемлекеттік білім беру грантын өтеу мәселелері бойынша «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесті. Кездесу барысында маман грантты өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындау тәртібін, түлектерге қойылатын негізгі талаптарды және оқу аяқталғаннан кейін орындалуы тиіс әрекеттерді түсіндірді. Сонымен қатар ол грантты өтеу мерзімдері, жұмысқа орналасу шарттары, міндеттемелерден босату негіздері және қажетті құжаттар тізімі туралы ақпарат берді. Студенттер өз сұрақтарына жауап пен практикалық ұсыныстар алды.

IMG_3004.png

IMG_3013.png

IMG_3026.png

IMG_3046.png

Версия сайта для слабовидящих