IITU университетінде Алматы қаласы прокуратурасының өкілдерімен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын түсіндіру бойынша кездесу өтті
04.12.2025

Кездесу барысында шақырылған спикерлер тұжырымдаманың негізгі қағидаттарын жан-жақты түсіндіріп, заңдылықты сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін талқылады. Прокурорлар жасөспірімдер мен жастар қылмыстылығының статистикасын, құқыққа қайшы әрекеттердің негізгі себептерін және жауапкершілік шараларын ұсынды. Сондай-ақ, олар практикалық жұмыстан және нақты қылмыстық істерден мысал келтіре отырып, заңды бұзудың салдарын көрсетті, әртүрлі қылмыстар үшін сотталғандармен жүргізілген сұхбаттардан бейнематериалдар ұсынды.

Кездесу барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, пайдалы ақпарат пен ұсыныстарға қол жеткізді. Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Алматы қаласы прокуратурасының өкілдеріне алғыс білдіреміз.

DSC01800 1.png

DSC01834 1.png

Версия сайта для слабовидящих