2026 жылғы 22 қаңтарда Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) EcoCode экологиялық клубының Алматы қаласы әкімдігі өкілдерімен ашық диалог және сараптамалық пікірталас форматында кездесуі өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар орнықты даму, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша практикалық шараларға қатысты негізгі мәселелерді талқылады. Ерекше назар қалалық аумақтарды абаттандыруға, қала мен табиғи кеңістіктерді тазалауға, көгалдандыруға, сондай-ақ жастар мен қоғамды ерікті экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған «Таза қала» қалалық экологиялық жобасын іске асыруға аударылды.
Осындай кездесулер студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға, университет пен қалалық құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты болашақты қалыптастыруға ықпал етеді 🌍💚


