2025 жылғы 27–31 қаңтар «ХАТУ» АҚ базасында макулатура жинауға бағытталған экологиялық акция ұйымдастырылды. Қабылдау пункттері Бас корпус пен Байзак корпусының 1-қабаттарында орналастырылды.
Университеттің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері бастамаға белсенді қатысып, қағаз, картон, журналдар мен газеттерді өткізді.
Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды насихаттау және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету. Жиналған әрбір килограмм макулатура – қоршаған ортаны сақтау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қосылған үлес.