25 қазан - Республика күні!
25.10.2024

Құрметті әріптестер мен студенттер!

25 қазан — еліміз үшін ерекше мәнге ие Республика күні. Осы күні, 1990 жылы, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің болашақ бағыты айқындалды. Бұл маңызды қадам тәуелсіздікке апаратын жолымызды бастап берді.🇰🇿


Біз жас мемлекетті қалыптастырудың күрделі кезеңдерінен өттік, енді еліміздің өсіп-өркендеуі мен тұрақты дамуы – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.


Республика күні – патриотизмнің, бірліктің және бейбітшіліктің нышаны. Бұл күн мәдениетіміздің байлығын, халқымыздың ынтымағын бейнелейді.


Сіздерге зор денсаулық, оқуда және қызметте үлкен табыстар, ел игілігі жолында жаңа белестер мен жетістіктер тілейміз!


Description of the image
Версия сайта для слабовидящих