2024 жылғы 1-6 сәуір аралығында Тілдер кафедрасының 2023-2024 оқу жылындағы жоспарына сәйкес дәстүрлі «Қазақ тілі –мәңгілік елдің мәуелі бәйтерегі» атты қазақ тілі апталығы өткізілді.
01 cәуір күні сағ. 10.00-де «Көктем көрінісі» атты қолөнер сайысы көрмесімен іс-шараның ашылуы болды. Байзақ ғимаратының 2-қабатындағы фойеде студенттердің жасаған қолөнерлер бұйымдары қойылды. Ағылшын пәнінің оқытушылары қолөнерлерді бағалап 1/2/3 орын иегерлерін анықтады.
02 сәуір күні сағ. 10.00-де Әлеуметтік желіге жүктелген «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты бейне-челенджге қорытынды жасалды, оған қатысқан 15 бейнежазбаның ішінен жүлделі 1-2-3 орындар анықталды.
03 сәуір күні сағ. 10.00-де "Өлең – менің өмірім" атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылып, А2/С1 деңгейлері бойынша сайыстың жеңімпаздары анықталды. Әділқазылар алқасы - ағылшын тілі секциясынан Жанабаева Светлана Батталовна мен Калиаскарова Айнур Амановна әділ бағаларын берді.
Сонымен қатар, 03 сәуір күні сағ 12.00-де «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» интеллектуалды сайыс өткізілді. Бұл сайысқа С деңгейі бойынша 8 студент қатысып, 3 кезеңнен тұратын тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап шықты. Ағылшын тілі секциясынан әділқазылар алқасы - Молдасанова Айсулу Аблакимовна, Аманбекова Нұрғаным Ерболқызы және Байсбай Назым Болатқызы іс-шараға қатысқан студенттерді әділ бағалады.
04 сәуір күні сағ.18-30-де Театр әлеміне саяхат жасап, «Жан әке» қойылымын студенттермен бірге тамашаладық.
05 сәуір күні сағ.10.00-де «Қазақ тілі –мәңгілік елдің мәуелі бәйтерегі» жабылу кешіне орай Акт залында Салтанатты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, жеңімпаз студенттер Алғыс хаттармен, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
06 сәуір күні «Туған өлкемнің тарихы» Киелі Түркістан жеріне студенттермен бірге қазақ тілі оқытушылары да жолға шықты. Арыстан баб, көне Отырар қаласы, ескі кітапхана, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Керуен Сарайы тағы басқа көрнекті жерлерді студенттермен бірге тамашаладық.
«Көктем көрінісі» қолөнер номинациясы бойынша:
1-ші орын Слепокурова Виолета IS-1/1курс студенті
2-ші орын Ни Алина, Есентаев Нұрсұлтан, Кабжицский Давыд SIS-3/1-курс студенттері
3-ші орын Красножонов Александр, Мищенко Вадим, Копейчиков Марк SIS-3, 2 курс студенттері.
«Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты бейне-челендж номинациясы бойынша:
1-ші орын Отар Асланбек, Селомазиди Юрий, Бекбасов Диас, Когай Александр /IS-2-1курс
2-ші орын Досиханов Нұрасыл 1курс студенті
3-ші орын Мырзатаев Руслан, Спан Әсет, Вялова Дарья SIS-1/1курс студенттері иеленді.
"Өлең – менің өмірім" мәнерлеп оқу сайысы бойынша.
С деңгейі бойынша:
1-ші орын Нұрлыбекова Нұрай JUR/ 1 курс студенті
2-ші орын Асылхан Алтынсары IS-2/ 1курс студенті
3-ші орын Ядигаров Руслан IS-2 иеленді/ 1 курс студенті
А деңгейі бойынша:
1-ші орын Мищенко Вадим, SIS-3/2 курс студенті
2-ші орын Красножонов Александар, SiS-3/2 курс студенті
3-ші орын Ишметова Карина, 1 курс, SIS-2/ 1-курс студенті
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» интеллектуалды сайыс бойынша:
1-ші орын Ахмеджан Сания SIS-1/ 1 курс студенті
2-ші орын Мейманова Аделя, Нұрлыбекова Нұрай JUR/ 1 курс студенттері
3-ші орын Жуаныс Манас IS-2/ 1 курс студенті
Апталыққа белсене атсалысқан студенттер: Зілқараева Ақерке, Султаналиев Димаш, Исмаилов Айдын, Молдақын Абылай, Ниязова Ұлжан, Наумова Дарья, Асланов Кенанбей, Ақылғазы Жан, Қуат Батыржан, Сәбит Олжас. Алғыс хатпен марапатталды.