Құрметті IITU түлектері!
Сіздерді оқу орнын сәтті аяқтап, дипломдық жұмыстарыңызды қорғағандарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер университеттен дипломы бар маман ретінде шығып, кәсіби жолды бастағалы отырсыздар.
Диплом тапсырудың салтанатты рәсімі 2025 жылғы 1-4 шілде аралығында Бас корпустың акт залында өтеді. Бұл маңызды шараға құрметті қонақтар, оқытушылар және университет басшылығы қатысады. Рәсімнің нақты кестесімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Айта кету керек, біз университеттің жаңа дәстүрін қалыптастырып жатырмыз - түлектерге дипломдарды өз Alma Mater қабырғасында табыстау. Іс-шараға ата-аналарыңызбен, туыстарыңызбен және достарыңызбен келуге болады. Біз сіздерге ыңғайлы жағдай жасап, салтанатты атмосфера қалыптастыруға тырысамыз. Фото аймақтар жұмыс істейтін болады - естелік суретке түсіп, құттықтау бейнежазба жазуға мүмкіндік бар.
Барлық түлектерге мантиялар тегін беріледі. Ол үшін рәсім басталғанға дейін бір сағат бұрын 301 аудиторияға келу қажет (кіру Жандосов көшесі жағынан). Өзіңізбен жеке куәлігіңіз болуы тиіс.
Диплом тапсыру рәсімінде жолығамыз деп үміттенеміз!
Құрметпен,
Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменті