ХАТУ ICPC World Finals финалында!
18.04.2024

2024 жылғы 14-19 сәуір аралығында Египеттің Луксор қаласында ICPC world Finals 2022-2023 спорттық бағдарламалау бойынша Әлем Чемпионаттарының Финалы өтеді!


2022 жылғы ICPC world Finals финалында ХАТУ IITU: Supernova командасы құрамында Қуанышбай Айбар, Алтынбеков Батырхан, Шорманхан Дінмұхамед өнер көрсетеді. Ал 2023 жылғы финалда ХАТУ атынан IITU: Defective Memory командасы Капитов Михаил, Сражов Абдусаттар және Ботаканов Торежан қатысады.


2022 жылдың сәуірінде және 2023 жылдың наурызында Солтүстік Еуразия (ТМД) чемпионатының қорытындысы бойынша екі студенттік команда шақырылды. Тарихта алғаш рет екі финал бір уақытта және бір жерде өтеді. 2022 және 2023 финалдары Covid-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.


Жарыстың негізгі турының күні — 18 Сәуір Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін.

Версия сайта для слабовидящих