23 ақпан 2025 жылы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ALMA CUP 2025 жобасы аясында ЖОО және колледждер арасында баскетболдан финалдық турнир өтті.
ALMA CUP – бұл мини-футбол, баскетбол, волейбол және киберспорт бойынша жарыстарды біріктіретін ауқымды студенттік спорттық турнир. Биылғы баскетбол турниріне қаланың ең мықты университеттерінен 25 команда қатысты.
2024 жылы біздің командамыз ALMA CUP чемпионы атанды, ал биыл да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 2-орынды иеленді. Командамыз Қазақстан-Неміс университеті, Satbayev University және ҚазҰПУ командаларын жеңіп шықты.
Баскетболшыларымызды керемет нәтижемен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
