2025 жылдың 17 қаңтарында Астана қаласында ұйымдастырылған ХХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы аясында өткен «FIZMAT Education Fair - 2025» V Халықаралық білім көрмесіне Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті қатысты.
Көрмеге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және 20 елден келген 2000-нан астам оқушы мен кәсіби бағдар берушілер жиналды.
ХАТУ атынан Халықаралық департаменттің бас менеджері Сазаева Ботагөз және PR департаментінің бас менеджері Сейтова Адиля университеттің заманауи білім беру бағдарламаларын таныстырып, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлаудағы жетістіктерін көрсетті.
Сонымен қатар, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегерлеріне арнайы білім беру гранттары мен оқу жеңілдіктері ұсынылды. Көрмеге қатысу университетке білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуға және мектеп түлектеріне болашақ мамандығын таңдауда қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.