Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) профессоры Батырхан Омаров және 2-курс докторанттары Олжас Олжаев пен Зейнел Момынқұлов «Еуразия» телеарнасынан көрсетілетін әлеуметтік «Köremіz show» бағдарламасына қатысты.
Бағдарламаның бұл шығарылымы ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және прогрессивті дамудың нышаны болып табылатын Қазақстан Республикасының күніне арналды.
Бағдарлама барысында IITU ғалымдары өздерінің инновациялық әзірлемесін – коллаборативті роботты таныстырды. Бұл жоба өткен жылы басталып, өндірістік мақсаттарда қолдануға арналған интеллектуалды роботтандырылған жүйе құруға бағытталған. Робот дәнекерлеу, таңбалау және жоғары дәлдікті талап ететін басқа да технологиялық процестерді орындауға бейімделген.
Жобаның басты мақсаты – роботқа жасанды интеллект енгізу, оның көмегімен робот жұмыс ортасына бейімделіп, адаммен тиімді өзара әрекеттесе алады. Мұндай тәсіл адам мен машинаның бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, өндірістік үдерістерді жылдам әрі жеңілдетуге мүмкіндік береді.
IITU өкілдерінің телебағдарламаға қатысуы университеттің ғылыми әлеуетін көрсетіп қана қоймай, робототехника мен интеллектуалды технологиялар саласындағы қазақстандық зерттеушілердің үлесін айқындады. Бұл бастама Тәуелсіздік пен инновация рухымен үндесіп, Республика күніне ерекше мән берді.