IITU-да әскери кафедрада Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған "Батылдық сабағы" өтті.
Студенттердің алдында оқытушы-офицерлер сөз сөйледі, іс-шара барысында Ауғанстандағы әскери қақтығыстың алғышарттары мен себептері, оған КСРО Қарулы Күштерінің қатысуы және жауынгерлік іс-қимылдардың негізгі кезеңдері туралы тарихи экскурсия жасалды.
Запастағы Полковник Смет Шагилбаев 15 ақпан - Ауған соғысының тигелінен өткен жауынгерлерді еске алу күні екенін атап өтті. Ол студенттерге Қазақстандықтардың батырлары, соның ішінде "Қара майор" лақап аты аңызға айналған батыр – полковник Борис Төкенұлы Керімбаев, Қазақ КСР Алматы облысының Қапшағай қаласында арнайы мақсаттағы 22 жеке бригада базасында ұйымдастырылған КСРО ҚК Бас штабының арнайы мақсаттағы 177 жеке отрядының командирі туралы айтып берді.
Сондай-ақ, IITU-да запастағы полковник Бердали Ермекбаевтың жұмыс істейтінін, ол 1987-1989 жылдар аралығында Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамында қызмет атқарғанын атап өтті. Бүгінде әскери кафедра тыңдаушыларына әскери пәндерді оқыта отырып, ол жауынгерлік тәжірибесімен бөліседі және студенттерді отансүйгіштік пен Отанға адалдық рухында жеке үлгіде тәрбиелейді.
Кездесу соңында студенттер Ауған және басқа да жергілікті соғыстарда өз өмірін қиған және әскери және халықаралық борышын абыроймен орындаған сарбаздар мен офицерлерді еске алды.