Университетте "Алматы - біздің ортақ үйіміз" акциясы аясында сенбілік өтті
19.04.2024
ХАТУ-да сенбілік өтті!


«Еңбек тимбилдингі» «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында ұйымдастырылды. Студенттер, оқытушылар мен бөлімше қызметкерлері ЖОО аумағын ғана емес, сонымен қатар Жандосов пен Манас көшелеріндегі іргелес жерлерді абаттандыру мен тазартуға өз үлестерін қосты.


Ағаштарды әктеу, арықтарды, көгалдар мен тротуарларды тазарту, қоқыстарды шығару-ХАТУ-дың тату ұжымы сәтті орындаған жұмыстардың негізгі тізімі.


Осы маңызды оқиғаға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз. Сіздің қатысуыңыз біздің университет пен қаланы одан да таза әрі жайлы етуге көмектесті! Белсенділігіңіз, ынта-жігеріңіз және достық қолдауыңыз үшін көп рақмет!

#АлматыБіздіңОртақҮйіміз
#БізКөппізҚалаЖалғыз

Версия сайта для слабовидящих