International Students Club IITU тимбилдингі
21.02.2025

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алатын шетелдік студенттерге арналған «International Students Club IITU» тимбилдингі Бостандық ауданының Жастар комьюнити-орталығында өтті.


Қатысушыларды қазақ халық аспаптар ансамблі «Қазына» күмбірлеген күйлері мен танымал музыкалық шығармаларымен қарсы алды. Сондай-ақ, олар үшін дәстүрлі дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Қонақтар қазақ халқының қонақжайлық дәстүрімен танысып, дәмді тағамдардан ауыз тиді.


Шетелден IITU-ға оқуға келген студенттерге университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Асылбек Исахов жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Бағдарлама аясында қатысушыларға әлем елдері бойынша интеллектуалды квест, тоғызқұмалақ пен бестас бойынша шеберлік сағаттары, Жастар ісі жөніндегі комитеттің таныстырылымы ұйымдастырылды. «Uly Mura» студенттік клубының өкілдері қазақ халқының бай мәдени мұрасы, дәстүрлері мен маңызды тарихи оқиғалары туралы қызықты ақпараттармен бөлісті. Көтеріңкі көңіл-күй мен достық атмосфераны «Shadows» би тобының керемет өнер көрсетулері толықтырды.


"International Students Club" тимбилдингі жаңа таныстар мен мәдени алмасулар алаңына айналды, шетелдік студенттердің университет ортасына интеграциялануына, олардың қоғамдық өмірге және өзін-өзі басқаруға тартылуына ықпал етті.


WhatsApp Image 2025-02-25 at 17.33.18 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-02-26 at 14.26.10 (1).jpeg

IMG_0131.CR2

WhatsApp Image 2025-02-25 at 17.34.05.jpeg

IMG_0327.JPG

WhatsApp Image 2025-02-26 at 14.26.10.jpeg

Версия сайта для слабовидящих