Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) «Data Science» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті (IT3-2501DS тобы) Архат Баймұхан Болгарияның Албена қаласында өткен қол күрестен 46-шы Әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды.
Әлемнің 60-тан астам елінен келген 1500-ге жуық спортшы қатысқан беделді додада Архат жоғары дайындық деңгейін, жігері мен қайтпас рухын көрсетті. 90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сенімді жеңіске жетіп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.
Бұл тамаша жеңіс тек спортшының ғана емес, бүкіл университеттің мақтанышына айналды. Архат Қазақстан мен IITU намысын әлемдік аренада абыроймен қорғап, студент өмірінде спорттың маңызын айқын көрсетті.
IITU тек жоғары білікті IT-мамандарын ғана емес, елдің мерейін түрлі салаларда асқақтата алатын жарқын әрі мақсаткер тұлғаларды тәрбиелеуді жалғастыруда.