IITU студенті Google Хакатон кезеңінде жеңіске жетті
12.02.2024

IITU студенті және TrusTTravel стартапының негізін қалаушы, Әлихан Төлеубаев Google AI Studio & Solution Challenge PREP 2024 хакатонының дайындық кезеңінде жеңіске жетті.


Хакатон- Google эвентінің аралық кезеңі. Ниет білдірушілер 22 ақпанға дейін қатысуға өтініш бере алады және Google технологиялары арқылы БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) біреуін немесе бірнешеуін шешуге ықпал ететін жобасын ұсына алады. ТДМ іске асырудың мұндай инновациялық тәсілі хакатонды бірегей етеді.


TrusTTravel бұл туристерге квесттерді орындауға және ұпай жинауға мүмкіндік беретін геймификация жүйесін пайдалана отырып, Қазақстанда туризмді дамыту жөніндегі стартап. Әзірленген қолданбада қолданылатын жасанды интеллект элементтері пайдаланушыларға турлар мен көрікті жерлерді таңдауға көмектеседі.


Бұл жоба тұрақты дамудың бірнеше мақсаттарын, соның ішінде лайықты еңбек пен экономикалық өсуді, қалалардың тұрақтылығын, жауапты тұтыну мен өндірісті, сондай – ақ туризм саласындағы әріптестікті дамытуды іске асыруға ықпал етеді.


Айта кету керек, Тұрақты даму мақсаттарын Біріккен Ұлттар Ұйымы 2015 жылы қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекетке жалпыға бірдей шақыру ретінде қабылдады және планетаның өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған. БҰҰ-ға мүше елдер, соның ішінде Қазақстан ТДМ-ны іске асыру бойынша міндеттеме алды. Олар кедейлік пен аштықты, аурудың таралуын, кемсітушілік пен теңсіздікті, экологиялық және адамзаттың басқа да мәселелерін жеңуге арналған. ХАТУ осы асыл миссияға қосылып, 2023 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның (UNAI) "Академиялық ықпал ету" бағдарламасының мүшесі болды.


Solution Challenge Google GDSC (Google Developer Student Clubs) студенттік әзірлеуші клубтары үшін ашық - Google әзірлеуші технологияларына қызығушылық танытатын бүкіл әлемдегі университеттік қауымдастық топтары. 2020 жылдан бастап олар әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешудің инновациялық жолдарын құру үшін жиналды.


Google Al Solution Challenge 2024 қарқын алуда. IITU студенті мен университеттің Innovation Center резидентінің дайындық хакатонындағы жеңісі университеттің тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетудегі белсенді қызметінің дәлелі болып табылады.

WhatsApp Image 2024-02-13 at 10.21.37.jpeg

WhatsApp Image 2024-02-13 at 10.21.37 (1).jpeg

Версия сайта для слабовидящих