ХАТУ ректоры ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Закидің жетекшілігімен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары делегациясының маңызды сапары аясында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталыққа барды.
Орталықтың зерттеу базасын университет бағдарламаларына интеграциялау, әсіресе атом энергетикасын автоматтандыру саласында мамандар даярлау үшін өзекті мәселелер талқыланды. Ұлттық ядролық орталық (ҰЯО) Қазақстанның жетекші ғылыми-зерттеу ұйымы. Ол атом энергетикасы, радиоэкология, термоядролық синтез және геофизика саласындағы озық технологияларды дамытуға маманданған.
ҰЯО бірегей зерттеу реакторларын, токамак КТМ, зертханалық жабдықтарды және басқа да ғылыми қондырғыларды қамтиды. Бұл сапар академиялық және ғылыми коммуникациялардың маңыздылығын атап қана қоймай, білім мен тәжірибе алмасудың жаңа перспективаларын ашатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға әкелді.
ХАТУ атомдық энергетикадағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім беру бағдарламаларын құрудың бастамашысы болды. Бұл Республика бойынша атом станцияларын құру және отандық мамандар үшін қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мәселесіне байланысты өзекті болып отыр.