ХАТУ студенттері Республикалық зияткерлік-танымдық олимпиадаға қатысты!
26.04.2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 23 сәуірінде сағат 15.00-де қазақ тілі пәнінен «Ұлы дала тілі – мәңгілік ел тұғыры» атты Республикалық зияткерлік-танымдық ОЛИМПИАДА өтті. Олимпиадаға республика бойынша жоғарғы оқу орындарының орыс бөлімінде оқитын өзге ұлт өкілдері белсене қатысып, мемлекеттік тілде берілген тапсырмаларды мүдірмей орындай білді.


Пәндік Олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 3 кезең бойынша өтті.
І тур – «Мамандықты дұрыс таңдау – жарқын болашақ кепілі» видеоролик
ІІ тур – «Ұлт құндылығы тілінде, сөйле қазақ тілінде»
ІІІ тур – «Ұтқыр жауап»


Біздің университеттің бірінші курс студенті Руслан Шмидт үшінші орынға ие болды. Басқа студенттер – Александр Ли, Дарья Вялова, Мирослав Панин және Даниил Чегодаев – алғыс хаттармен марапатталды. Студенттерге жетекшілік жасаған оқытушылар Казезова А.М. Татиева С.С-ға алғыс хаттар табысталды.


Олимпиаданың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын керемет нәтижелерімен құттықтаймыз және оқытушыларға еңбектері мен білім беру ісіне адалдықтары үшін алғыс білдіреміз.

Версия сайта для слабовидящих