8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны өтеді. Ол қаланың барлық аудандарын қамтиды, науқанға Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы қатыса алады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев атап өткендей, бұл акция барлық бей-жай емес тұрғындардың бірігуіне, сүйікті қаланы таза етіп, табиғатқа ұқыпты қарау әркімнің әдетіне айналуына көмектеседі.
Біз Алматы қаласы әкімінің бастамасын қолдаймыз және барлық студенттерді осы компанияға қатысуға шақырамыз.
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау.
Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген. 8-14 сәуір аралығында өткізілетін "Біздің қала – біздің көшелеріміз" бірінші кезеңі қалалық инфрақұрылымды: жолдарды, жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін, аялдама павильондарын, бағдаршамдарды, жарықтандыру аспаптарын, көрсеткіштерді, туристік тотемдерді, қоғамдық дәретханаларды тазалауды және ретке келтіруді қамтиды. Сондай-ақ люктерді ауыстыру және дезинфекция және дезинсекция жүргізе отырып, қоқыс жәшіктерін жөндеу жүргізіледі.
15-21 сәуір аралығында өтетін "Біздің қала – біздің ауламыз, біздің үйіміз" екінші кезеңінде көшеттер отырғызылады, сондай-ақ аулалар мен ойын алаңдарын жөндеу және ретке келтіру жоспарлануда. Аулалар мен алдыңғы бақтарды көгалдандырғысы келетіндерге отырғызу материалы беріледі, ал қоршауларды бояғысы келетін жеке үйлердің иелеріне бояу материалдары беріледі. Осы кезеңде түрлі шығармашылық және экологиялық іс-шаралар өтеді. Оның ішінде креативті экохаб, "Жас жұбайлар" аллеясы және т.б. ашу жоспарланған.Ал 20 сәуірде жалпықалалық сенбілік жоспарланған.
22-28 сәуір аралығында өтетін "Біздің қала – біздің таулар, өзендер мен көлдер" үшінші кезеңі жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазарту жұмыстарын қамтиды. 29 сәуір мен 8 мамыр аралығында жоспарланған "Біздің қала – біздің мақтанышымыз" төртінші, соңғы кезеңінде ескерткіштер мен мәдениет нысандарын тазарту шаралары жоспарланған. Осы соңғы аптада қалалық субұрқақтар іске қосылып, науқанға қатысқан қаланың ең белсенді тұрғындары сыйлықтармен марапатталады.
"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанын өткізу форматы, қатысу шарттары, орналасқан жері туралы қосымша ақпарат аlmaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.
#АлматыНашОбщийДом #НасМногоГородОдин #АлматыБіздіңОртақҮйіміз #БізКөппізҚалажалғыз