Спартакиада 2024
16.01.2024

ХАТУ-да Cпартакиада 2024 басталды!

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқытушылар мен қызметкерлер Спартакиадасы басталды. Биыл 8 құрама команда спорттың 6 түрінен (мини-футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі) жарысады.

Бірінші күні қатысушылар баскетбол бойынша кездесулер өткізді. Бұл спорт түрінің жеңімпазы "Экономика және бизнес" және "Ақпараттық жүйелер" кафедраларының құрама командасы болды. Қиын күресте екінші орынды Ректорат командасы – Ректор аппараты, Маркетинг және PR департаменті, Жастар саясаты басқармасы, Мансап орталығы, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Global Education департаменті жеңіп алды. Үздік үштікті Қаржы департаменті мен ӘШҚ, Қызметкерлер мен құжаттаманы басқару департаменті, Заң департаментінің құрамасы қоршап алды.

Волейболдан жарыс керемет өтті. Бірінші орынды Әскери кафедраның, Оқу-әдістемелік қызмет жөніндегі басқарманың және Офис-тіркеушінің құрамасы, екінші орынды "Киберқауіпсіздік" және "Тілдер кафедрасы" кафедраларының құрамасы иеленді. Үшінші орын Техникалық сүйемелдеу және IT қолдау департаменті, IITU Innovation орталығы, Ғылыми кадрлар департаменті, ғылыми-зерттеу қызметі департаменті және Кітапхана құрамасына бұйырды.

Спартакиада 19 қаңтарда салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады. Жалпы командалық есепте және спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

IMG_3757.JPG

IMG_3770.JPG

IMG_3775.JPG

IMG_4114.JPG

IMG_4177.JPG

Версия сайта для слабовидящих