ХАТУ және Қазақ ұлттық медицина университетінің ынтымақтастығы: медицина және технологиялар саласындағы жаңа көкжиектер
23.01.2025

2025 жылғы 22 қаңтарда Алматы қаласында «ХАТУ» АҚ мен «С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ арасында ынтымақтастық аясында маңызды кездесу өтті.
Іс-шара барысында бірлескен ғылыми жобалардың болашағы мен медицина және технологиялар саласындағы бастамаларды қаржыландыру мүмкіндіктері талқыланды.

Бұл ынтымақтастық ғылымды дамытуға, алдыңғы қатарлы технологияларды медицина саласына енгізуге, медициналық қызмет сапасын жақсартуға және инновациялық шешімдерді әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Ол тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де медицина саласына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.


Ғылыми ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • Медицинада цифрлық технологияларды әзірлеу және енгізу
  • Диагностика мен емдеуге арналған жасанды интеллект саласындағы зерттеулер
  • Медициналық зертханалар мен инновациялық зерттеу орталықтарын құру және жаңғырту бойынша бірлескен жобалар
  • Денсаулық сақтау саласын жақсартуға және жаңа медициналық шешімдерді жасауға бағытталған стартаптар мен ғылыми бастамаларды қолдау

Бұл ынтымақтастық жетекші ғалымдар, зерттеу орталықтары және университеттер арасындағы білім, тәжірибе және инновациялық шешімдермен алмасу үшін тиімді платформа құруға бағытталған. Ол медицина мен технологиялар саласында пәнаралық ғылыми жобалар мен жаңа тәсілдерді дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.


Кездесуде сөз сөйлегендер:

  • Н.Т. Дүзбаев, «МУИТ» АҚ цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректоры
  • Б.С. Омаров, профессор, зерттеуші
  • Б.А. Қарабаев, жобалар менеджері
  • Д.Д. Цой, зертхана жетекшісі

Барлық мүдделі ғалымдарды, зерттеушілерді және инноваторларды жаңа медициналық технологиялар мен ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал ететін конкурстарға қатысуға шақырамыз.


1.jpg

Версия сайта для слабовидящих