18–22 тамыз аралығында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 50+ буын өкілдеріне арналған оқу курстары өтті.
«Күміс университет» жобасы аясында тыңдаушылар цифрлық сауаттылықты меңгеріп, смартфондарды сенімді қолдануды, онлайн-сервистермен және заманауи қосымшалармен жұмыс істеуді үйренді. Бұл дағдылар қарым-қатынас жасауға, оқуға және цифрлық дәуірде белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Курс соңында 60 қатысушы оқуды сәтті аяқтап, сертификаттарға ие болды.
Жобаға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, былай деді:
- «Күміс жастағы адамдар үшін осындай курстарды ұйымдастырған университетке рақмет — олар уақытылы әрі өте қажет!»
- «МУИТ басшылығына, оқытушылары мен волонтёрлерге бізге көрсеткен құрметті әрі қамқор қарым-қатынастары үшін, сондай-ақ осы күрделі цифрлық әлемде бағдар табуға көмектескен тамаша бағдарлама үшін алғыс айтамын.»
- «Үлкендерге деген шыдамдылықтарыңыз бен құрметтеріңіз үшін рақмет!»
- «Жас қыздарға көмегі үшін алғыс! Енді мобильді қосымшаларды сенімді қолданамын!»
- «Бұл курстар бізге жаңа білім мен сенімділік сыйлады.»
IITU білімнің кез келген жасқа қолжетімді екеніне сенеді және барлық буынға білім алу мүмкіндіктерін ұсынып, қоғамның цифрлық дамуын қолдауды жалғастырады.