IITU ұжымы ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жолдауын тыңдады
08.09.2025

2025 жылғы 8 қыркүйекте Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) ұжымы, профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын бірлесе тыңдады.


Бұл стратегиялық құжатта Мемлекет басшысы еліміздің дамуының басым бағыттарын айқындады: сандық трансформация және жасанды интеллектіні енгізу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды және энергетиканы дамыту, аграрлық өндіріс пен өңдеу өнеркәсібін жетілдіру, инвестиция тарту және парламенттік реформаны жүзеге асыру.


Осы бастамалар университеттің миссиясымен тікелей байланысты. IITU сандық экономикаға мамандар даярлайды, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласында ғылыми зерттеулерді дамытады және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жас ұрпақты қалыптастырады.


IITU ұжымы Мемлекет басшысы Жолдауда айтқан бастамаларды қолдайды және оларды оқу-ағарту мен ғылыми қызметті одан әрі жетілдірудің негізі ретінде қарастырады.

11.JPG
Версия сайта для слабовидящих