«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2024» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті!
26.02.2025

26 ақпанда «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2024» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2024» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.


Салтанатты марапаттау рәсіміне Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Асылбек Исахов, сондай-ақ біздің университетіміздің жеңімпаздары – Илипбаева Ляззат және Найзабаева Лязат қатысты.


Айта кетейік, биыл бұл мәртебелі атаққа Алпар Султан, Илипбаева Ляззат және Найзабаева Лязат ие болды. Олар Қазақстанның 38 жоғары оқу орнынан 150 үздік оқытушының қатарына енді.


Әріптестерімізді осы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Олардың кәсіби шеберлігі, білім беру ісіне деген адалдығы және бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі студенттерді даярлауға қосқан үлесі лайықты бағасын алды.


Біз оқытушыларымызды мақтан тұтамыз және олардың білім саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!


WhatsApp Image 2025-02-26 at 15.50.19.jpeg

Версия сайта для слабовидящих