IITU қауымдастырылған профессоры Марат Нұртас Қытайдағы халықаралық конференцияға қатысты
27.10.2025

Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының қауымдастырылған профессоры Марат Нұртас 2025 жылдың 19–25 қазан аралығында Қытайдың Шанхай және Чжэнчжоу қалаларында өткен «Шексіз цифрлық әлем, ақылды болашақ – ғаламдық диалог және тәжірибе алмасу» атты халықаралық іс-шараға қатысты.


Бұл жиын Zhongyuan University of Technology университетінің ұйымдастыруымен өткен Кәсіби мамандардың халықаралық тәжірибе алмасуы жөніндегі 23-ші конференциясының аясында өтті. Конференция цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және инновациялық даму бағыттарындағы әлемдік тәжірибе мен ғылыми жетістіктерді талқылауға арналды.


Конференцияда профессор Марат Нұртас Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті атынан «AI Integration of Geological and Satellite Data Analysis for Environmental Modeling» тақырыбында баяндама жасап, геологиялық және спутниктік деректерді жасанды интеллект арқылы экологиялық модельдеуде қолдану бойынша ғылыми нәтижелерін ұсынды.


Сапар барысында профессор Марат Нұртас Шанхай және Чжэнчжоу қалаларындағы жоғары технологиялық парктер мен индустриялық аймақтардың жұмысымен танысты. Озық тәжірибелермен танысу және алынған тәжірибе IITU зертханалары мен ғылыми инфрақұрылымын одан әрі жетілдірудің негізі болып, білікті кадрларды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.


Өзінің белсенді ғылыми қызметі мен нәтижелі баяндамасының арқасында профессор 2026–2028 жылдарға арналған Zhongyuan University of Technology университетінің “Overseas High-Level Talent Program” бағдарламасы бойынша Visiting Professor мәртебесін иеленді.


Бұл сапар IITU профессорларының халықаралық ғылыми кеңістікке белсенді араласып, университеттің ғылыми әлеуеті мен халықаралық беделін арттыру жолындағы тағы бір маңызды қадамы болды.


WhatsApp Image 2025-10-30 at 11.23.50.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-30 at 11.23.14.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-30 at 11.24.09.jpeg

WhatsApp Image 2025-11-04 at 15.58.56.jpeg

Версия сайта для слабовидящих