МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТ БЕРУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ
02.12.2024

Құрметті достар!

2024 жылдың 9 желтоқсаннан бастап магистратураға оқуға мемлекеттік білім беру гранттарын алу конкурсына құжаттарды қабылдау басталатынын хабарлаймыз. Құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ виртуалды форматта жүргізіледі.


.

Маңызды: Бір ғана білім беру бағдарламасы мен үш жоғары оқу орнын ғана көрсетуге болады.

  • Магистратураға мемлекеттік білім беру грантына ие болғандардың тізімі 25 желтоқсанға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.
  • 4000 мемлекеттік білім беру грантына магистратураға түскісі келетін барлық адамдар үміткер бола алады.
  • Болашақ магистранттар 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін тізімге енгізіледі.


Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • Жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымшасы;
  • КТА сертификаты;
  • Шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификаттар (егер болса);
  • Медициналық анықтама (075/у форматында). Медициналық анықтама жоғары оқу орнына түсу кезінде берілед

Description of the image
Версия сайта для слабовидящих