Профессор Zhaowen Liu-дің дәрісіне шақырамыз!
26.02.2025

Құрметті әріптестер, оқытушылар, докторанттар және магистранттар!


Профессор Zhaowen Liu – деректерді талдау, машиналық оқыту және биоинформатика саласындағы жетекші маман. Оның зерттеулері omics-деректерді, электронды медициналық жазбаларды және көпмодальды нейровизуализацияны біріктіру арқылы психиатриялық аурулардың генетикалық және нейрондық механизмдерін зерттеуге бағытталған.


Профессордың Molecular Psychiatry, Brain, Nature Communications, Neuroimage және Bioinformatics сияқты беделді журналдарда жарияланған ғылыми еңбектері ми, психикалық бұзылулар және креативтіліктің нейрондық механизмдері туралы тың жаңалықтарды ұсынады.


Дәріс тақырыбы: Silicon Brushstrokes: DeepSeek's Technical Framework for Intelligent Systems

📅 Күні: 27 ақпан 2025 жыл

⏰ Уақыты: 16:00

📍 Өтетін орны: ХАТУ, 907 ауд.


Бұл дәріс – деректерді талдау және оның нейроғылымдағы қолданылуы бойынша соңғы жетістіктермен танысудың бірегей мүмкіндігі!

Келіңіздер, ғылыми ортада бірге даму мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!


Версия сайта для слабовидящих