International IT University спорт мерекесі
22.01.2024

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде үлкен спорттық мерекесі қорытындылады жоғары оқу орнының 15 жылдығына арналған оқытушылар мен қызметкерлер Спартакиадасы.

Спартакиаданы өткізу жақсы дәстүрге айналды, бұл шараны IITU қолдап дамытуда. Биылғы жылы кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің сегіз құрама командасы спорттың алты түрінен (шағын-футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі) бақ сынасты.

Салтанатты марапаттау рәсімі командалар шеруінен басталды. Фанфара және қошеметпен шеруге қатысушылар позитивті спорттық көңіл-күйде әрі ынта-жігермен өз командаларын таныстырды. Салтанатты рәсімді аша отырып, IITU ректоры Асқар Хикметов бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру университет ұжымының көп қырлы өмірінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

«Оқытушылар мен қызметкерлер Спартакиадаға белсенді қатысып, жақсы спорттық нәтижелер көрсетуде. Біздің университет жоғары білікті IT-мамандарды дайындаумен ғана емес, сонымен қатар спорттық жетістіктерімен де танымал. Біз халықаралық және республикалық жарыстарда лайықты өнер көрсетіп, жоғары жүлделі орындарға ие болған студенттерімізді мақтан тұтамыз», - деп атап өтті IITU басшысы.

Әр спорт түрінен мықты бәсекелестік болды, жарыстың әрбір қатысушысы барынша шеберлік пен ептілік танытуға тырысты, оларға жанкүйер-әріптестері белсенді қолдау көрсетті.

«Спартакиада ұйымдастырушылары мен университет басшылығына жарқын спорттық мереке үшін алғысымызды білдіреміз. Оқытушылар мен қызметкерлер шараға қуана қатысуда. Бұл тамаша дәстүр жаңа оқу семестрі алдында керемет сергектік береді, ұжымды жақындастырып корпоративтік рухты нығайтады», - деді жарыстың Бас төрешісі Олег Вексельман.

Жалпы командалық есепте Спартакиаданың жеңімпазы және бас кубоктың иегері «Жауынгер» құрама командасы болды. Екінші орын «Чемпион» командасына берілді, үздік үштікті «SpaceX» командасы түйіндеді. Спартакиада қорытындысы барысында спорт түрлері бойынша үздік командалар да атап өтілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

IMG_2602 (1).jpg

IMG_4109.JPG

WhatsApp Image 2024-01-23 at 15.56.04.jpeg

IMG_6038.JPG

IMG_5166 (1).JPG

IMG_5286.JPG

Версия сайта для слабовидящих