IITU-да ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауы талқыланды
10.09.2025

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауы университеттің Ғылыми кеңесінде талқыланды.


Кездесу барысында Жолдау алдағы жылдарға арналған мемлекетті дамытудың негізгі қағидаттарын айқындайтын және жаһандық сын-қатерлерге жауап беретін стратегиялық құжат екені атап өтілді. Негізгі басымдық жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды экономиканың барлық салаларына белсенді енгізуге жасалған.


Цифрлық болашақ шындыққа айналуы үшін Жасанды интеллект министрлігі құрылып, қажетті құқықтық база қалыптастырылатын болады. Мемлекет басшысы тапсырған Ұлттық цифрлық даму стратегиясында ауқымды трансформацияның басты қадамдары көрініс табады.


Осыған байланысты Жолдауды іске асыруда академиялық қауымдастықтың рөлі ерекше, өйткені ол жоғары білікті кадрларды даярлаудың және ғылымды қажетсінетін экономиканы дамытудың іргетасы болып табылады.


Спикерлер Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мамандандырылған жоғары оқу орны ретінде бұл процеске белсенді тартылғанын атап өтті. Қажетті мамандарды даярлау үшін жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілді, жасанды интеллект ғылыми мектебін құру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, сонымен қатар шетелдік серіктестермен және ІТ-компаниялармен бірлескен зерттеу жобалары іске асырылуда.


Жасанды интеллект пен цифрлық трансформация экономиканы жаңғыртуға, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, бизнесті дамытуға және адами капиталды қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Оның негізінде өңдеу өнеркәсібін, геология саласын, инфрақұрылымды, көлік-логистика секторын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, энергетика мен аграрлық өндірісті дамытуға жаңа серпін беріледі.


Талқылау барысында Жолдаудың еліміз алдында тұрған көптеген жаһандық сын-қатерлер мен мәселелерді тиімді әрі сапалы шешуге мүмкіндік беретін қуатты цифрлық ортаны қалыптастыруға бағытталғаны баса айтылды. Қазақстан бұл бағытта әлемдік көшбасшылардың біріне айналуы тиіс және оның болашағының негізі қазір қалануда.

Версия сайта для слабовидящих