Психологтан кеңес алыңыз
05.04.2024

Құрметті студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер!


Сіздерге университеттегі білікті психолог маманнан тегін психологиялық кеңес алуға болатынын хабарлаймыз. Жеке көзқарас пен кұпиялылықты сақтау - психолог жұмысындагы маңызды аспект болып табылады.


Жеке кеңесті келесідей мәселелер бойынша алуға болады: топтағы қарым-қатынастар, фобиялар, кәсіби шаршау, үрейдін жоғарылауы, отбасылық қарым-қатынастар, өзін-өзі бағалаудың төмендігі мен өзіне сенімсіздік, күйзелісті жеңу және т.б.


Кеңестер қазақ және орыс тілдерінде офлайн және онлайн форматта жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Психологтың кеңесіне QR код немесе сілтеме https://forms.office.com/r/HRe6Ay6ggR арқылы электронды түрде алдын ала жазылуға болады.


Сондай-ақ, психологиялық кеңес алу үшін университеттін бас ғимаратындағы 114 кабинетке жүгіне аласыз.

qr-code (3) 1.png

Версия сайта для слабовидящих