IITU Қазақстанда цифрлық тілдік білім беруді дамыту үшін Akelius Foundation грантын иеленді
12.09.2025

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IIТU) «Expansion and Institutionalization of Akelius Digital Language Learning in Kazakhstan» жобасын жүзеге асыру үшін Akelius Foundation грантын алғанын хабарлайды.


Жоба еліміздің мектеп оқушыларына қолжетімді, сапалы және инклюзивті тілдік білім беруді кеңейтуге бағытталған.

Жоба аясында:

  • 10 000-нан астам оқушы қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша заманауи цифрлық курстарға қол жеткізеді;
  • Akelius платформасында алғашқы қазақ тілі курсы әзірленіп, іске қосылады;
  • Қазақстанның 6 аймағындағы 27 мектеп бағдарламаға қосылады, оның ішінде жаңа аймақтар — Ақтау, Түркістан және Семей;
  • 150-ден астам мұғалім аралас оқыту және цифрлық технологиялар бойынша дайындықтан өтеді;
  • мектептерге 300 планшет және қажетті инфрақұрылым беріледі.

«Бұл бастама Қазақстандағы мектеп оқушыларына жаңа мүмкіндіктер ашып, тілдік білім беруді дамытуға серпін береді. Осындай маңызды жобаның бір бөлігі болғанымызды IITU үлкен мәртебе деп санайды», — деп атап өтті университет.


Версия сайта для слабовидящих