28–30 қаңтар аралығында Алматы қаласында KazTEA қауымдастығының қолдауымен “Ағылшын тілін оқыту/үйренудегі жасанды интеллект трендтері” атты алғашқы тренинг өтті.
Тренинг барысында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) әдіскерлері мен ағылшын тілі оқытушылары ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістерімен бөлісіп, жасанды интеллектті қолдану арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін талқылады.
Іс-шара АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының қаржылық, сондай-ақ Ташкенттегі Аймақтық ағылшын тілі бағдарламалары кеңсесінің әдістемелік қолдауымен ұйымдастырылды.
Бұл бастама білім беру үдерісін жетілдіруге, оқытудың сапасын арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.

